Қатысушылар ауданды дамытудың өзекті мәселелерін, әлеуметтік-экономикалық күн тәртібін және азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларды талқылады. Кездесу тікелей диалог форматында өтті: кездесуге қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және толғандырып жүрген тақырыптарды ортаға салды.













