Құрметті Жамбыл ауданының тұрғындары!
«Жамбыл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК жұқпалы аурулардың алдын алу, инфекциялардың таралу қаупін төмендету және халық денсаулығын сақтау мақсатында қарапайым профилактикалық шараларды сақтауға шақырады.
1. Қол гигиенасын сақтау
Қолды дұрыс және уақытылы жуу – жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі.
* Қолыңызды сабынмен және ағынды сумен кемінде 20 секунд жуыңыз.
* Тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолыңызды міндетті түрде жуыңыз.
* Жөтелгеннен, түшкіргеннен және қоғамдық орындардан келгеннен кейін қол гигиенасын сақтаңыз.
* Қол жуу мүмкіндігі болмаған жағдайда спирт негізіндегі антисептикті қолданыңыз.
* Жуылмаған қолмен көзді, мұрынды және ауызды ұстамаңыз.
2. Респираторлық этикетті сақтау
Тыныс алу жолдарының инфекцияларының таралуын болдырмау үшін:
* Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды бір реттік майлықпен немесе шынтақтың ішкі бөлігімен жабыңыз.
* Қолданылған майлықты бірден қоқыс жәшігіне тастаңыз.
* Жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін қолыңызды жуыңыз немесе антисептик қолданыңыз.
* Респираторлық инфекция белгілері болған жағдайда басқа адамдармен байланыс кезінде медициналық бетперде тағыңыз.
* Бөлмелерді жүйелі түрде желдетіңіз.
3. Физикалық арақашықтықты сақтау
* Тыныс алу жолдарының инфекциясы белгілері бар адамдардан мүмкіндігінше кемінде 1 метр арақашықтық сақтаңыз.
* Өзіңізде ауру белгілері болса, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеңіз.
* Медициналық ұйымға келген кезде инфекция белгілері туралы медицина қызметкеріне хабарлаңыз.
* Қажет болған жағдайда медициналық бетперде қолданыңыз.
4. Жұқпалы аурулардың негізгі белгілері
Төмендегі белгілерге назар аударыңыз:
* Дене қызуының көтерілуі;
* Жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың ауыруы;
* Жалпы әлсіздік, бас ауруы;
* Жүрек айну, құсу, іш өту;
* Теріде бөртпелердің пайда болуы;
* Тыныс алудың қиындауы.
Егер өзіңізде немесе жақындарыңызда осы белгілер байқалса, уақытылы медициналық көмекке жүгініңіз!
Тыныс алудың қатты қиындауы, есінің бұзылуы немесе басқа да ауыр белгілер пайда болған жағдайда 103 нөміріне хабарласып, жедел медициналық жәрдем шақырыңыз.
5. Басқа да профилактикалық шаралар
* Жеке бас гигиенасын сақтаңыз.
* Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес екпелерді уақытылы алыңыз.
* Тек қауіпсіз ауызсуды пайдаланыңыз.
* Көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында мұқият жуыңыз.
* Тағам өнімдерін дұрыс сақтаңыз және термиялық өңдеу талаптарын орындаңыз.
* Антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдамаңыз.
* Медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Қол гигиенасын сақтау, респираторлық этикетті орындау, физикалық арақашықтықты сақтау және инфекция белгілерін уақытылы анықтау – жұқпалы аурулардың таралуын болдырмаудың маңызды шаралары
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
«Жамбыл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК әкімшілігі
https://zhambcrb-sko.kz/kz/zhanaly-tar/810-zh-paly-aurulardy-aldyn-alu-r-adamny-zhauapkershiligi.html#sigFreeId1df233c96e












