2026 жылдың 27 қазанында «Жамбыл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Солтүстік Қазақстан облысындағы криминогендік ахуалды сауықтыру жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы тәуелді мінез-құлықтың алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға аурухана директорының орынбасары, жалпы тәжірибелік дәрігер, дәрігер-психиатр, психолог, әлеуметтік қызметкер, сондай-қай «И.П. Шухов атындағы ЖББМ» КММ педагог-психологы қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
жасөспірімдер арасында психобелсенді заттарды тұтыну белгілерін ерте анықтау;
алкогольдік және тәуелділіктің басқа да түрлерінің алдын алу;
медициналық және психологиялық көмекке уақтылы жүгіну;
медицина қызметкерлерінің, психологиялық қызмет мамандарының және білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылы;
ата-аналарды балалардағы эмоционалдық және мінез-құлық қиындықтарының белгілері туралы ақпараттандыру.
Балалар мен жасөспірімдердің әл-ауқаты үшін қауіп факторларын уақтылы анықтау, кәсіби көмектің қолжетімділігі және мамандардың бірлескен жұмысы қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Біздің ортақ міндетіміз — проблемалардың алдын алып қана қоймай, сонымен бірге қауіпті белгілерді уақытында байқау, отбасыларды қолдау және әрбір балаға көмектесу.
Алдын алу шаралары әртүрлі бағыттағы мамандар күш біріктіргенде ғана тиімді болады!
View the embedded image gallery online at:
https://zhambcrb-sko.kz/kz/zhanaly-tar/807-profilaktika-yntyma-tasty-tan-bastalady.html#sigFreeId1f0e7ded58
https://zhambcrb-sko.kz/kz/zhanaly-tar/807-profilaktika-yntyma-tasty-tan-bastalady.html#sigFreeId1f0e7ded58












