"Салауатты жаз" жазғы сауықтыру науқаны аясында Жамбыл ауданында күн сайын балаларды профилактикалық тексеру, сауықтыру жөніндегі іс — шаралар, ал қажет болған жағдайда емдеу және диспансерлік бақылау жүргізіледі.
Өткізілетін іс-шаралар балалардың денсаулығын нығайтуға, ауруларды уақтылы анықтауға және жазғы кезеңде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.