2026 жылғы 1 шілде күні жылжымалы медициналық кешен (ПМК) аясында Миролюбово ауылына жоспарлы түрде шығу ұйымдастырылды.
Қабылдауды келесі мамандар мен қызметтер көрсетті:
Жалпы практика дәрігері (ЖПД);
Гастроэнтеролог;
Тексеру кабинеттерінің мамандары;
Флюорографиялық зерттеу;
Аудиологиялық скрининг.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмекті қолжетімді ету, ауруларды ерте кезеңде анықтау, сондай-ақ тұрғындардың аудандық ауруханаға арнайы тексерілу үшін бару қажеттілігін азайту болып табылады












