Жамбыл аудандық ауруханасында Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ерекше форматтағы мерекелік шара өтті – біздің медициналық мекеме қызметкерлері арасында КВН ойыны ұйымдастырылды.
Әртүрлі бөлімдердің командалары тапқырлықтарымен, ой ұшқырлығымен және өнерпаздықтарымен сайысты. Сахнадан әрбір медицина қызметкеріне түсінікті әзілдер айтылып, шығармашылық нөмірлер әріптестерімізді мүлдем жаңа, жарқын қырынан ашты.
«Мұндай шаралар ұжымды біріктіріп қана қоймай, ауыр еңбек күндерінен кейін эмоционалды түрде тынығуға көмектеседі. Күлкі де – бір ем, ал біздің қызметкерлер оны мінсіз меңгергендерін дәлелдеді».
Ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз және барлық қатысушыларға сыйлаған мерекесі мен тамаша оптимизмдері үшін алғыс айтамыз! Құрметті әріптестер, алда келе жатқан Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Жұмыстарыңызға табыс және көбірек күлкіге себеп табылуын тілейміз!