«Салауатты жаз» жазғы сауықтыру науқаны аясында Жамбыл ауданында балаларға күн сайын профилактикалық тексерулер жүргізіліп, сауықтыру шаралары ұйымдастырылуда. Қажет болған жағдайда емдеу және диспансерлік бақылау жүргізіледі.
Есту қабілетінің бұзылыстарын ерте анықтау мақсатында Жамбыл және Украинское ауылдарында балаларға көшпелі аудиологиялық скрининг өткізілді.
Сонымен қатар, балаларға стоматологиялық көмек көрсетілуде: ауыз қуысына профилактикалық тексерулер жүргізіліп, тістерді емдеу жұмыстары атқарылуда. Ауыз қуысы гигиенасын сақтау және стоматологиялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.
Өткізілетін іс-шаралар балалардың денсаулығын нығайтуға, ауруларды ерте анықтауға және жазғы кезеңде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
https://zhambcrb-sko.kz/kz/zhanaly-tar/764-salauatty-zhaz.html#sigFreeId230fddc052












