Ауыл халқына медициналық көмекті қолжетімді ету мақсатында, 9 маусымда Петровка ауылына жылжымалы медициналық кешеннің баруы ұйымдастырылды.
Мұндай сапарлардың негізгі міндеті – шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына сапалы профилактикалық тексеруден өтуге және жедел диагностика жасатуға мүмкіндік беру.
Сапар барысында:
Рентгенологиялық тексерулер – жедел диагностикалау және кеуде қуысы органдарының жағдайын бақылау үшін.
Жалпы практика дәрігерінің (ЖПД) қабылдауы – алғашқы тексеру жүргізу, анамнез жинау, пациенттерге кеңес беру және қажетті ем тағайындау.
Қарау кабинеттерінің жұмысы – онкологиялық және ісік алды ауруларды ерте анықтауға бағытталған скринингтік тексерулер жүргізу.
Мұндай тексерулерді жүйелі түрде өту қауіп факторларын және ауруларды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді, бұл кейінгі емнің тиімділігін айтарлықтай арттырады.