Жамбыл аудандық ауруханасы медицина қызметкерлеріне арналған инфекциялық қауіпсіздік және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша оқыту сабағы өткізілді.
Дәрігер-эпидемиолог Халық Мөлдір Құрбанбайқызы «Сары код» тақырыбы бойынша іс-әрекет алгоритмін көрнекі түрде түсіндіріп, жан-жақты ақпарат берді.
Инфекциялық бақылау мейіргері Личаченко Ирина Евгеньевна «Авариялық жағдайлар» тақырыбында баяндама жасап, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндірді.
Осындай оқыту шаралары медицина қызметкерлерінің төтенше жағдайларға дайындығын арттырып, инфекциялық бақылау жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
https://zhambcrb-sko.kz/kz/zhanaly-tar/754-avariyaly-zha-dajlar.html#sigFreeIdf28f1728fc












