Аудандық гинеколог З.Е. Темірғалиева аудандық аурухана қызметкерлерімен адам папилломасы вирусының (АПВ) алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында АПВ инфекциясының алдын алу, дер кезінде вакцинациялаудың маңыздылығы, ерте диагностикалау және халық арасында онкологиялық қырағылықты арттыру мәселелері қаралды. АПВ-ның алдын алу — әйелдер денсаулығын сақтаудағы және онкологиялық аурулардың алдын алудағы маңызды бағыт.












