2026 жылғы 28 мамыр күні «Жамбыл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-де әйелдер арасында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараны акушер-гинеколог дәрігер Темірғалиева З.Е. өткізді. Кездесу барысында әйелдер денсаулығы, аурулардың алдын алу және медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Благовещен дәрігерлік амбулаториясының медициналық қызметкері Әлжанова А.Ж. Благовещенка ауылындағы екі мектептің 9 және 11 сынып оқушылары арасында дәріс өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдерге салауатты өмір салты, репродуктивті денсаулық және аурулардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.