2026 жылғы 20 мамыр күні Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы мамандары - балалар хирургы, травматолог-ортопед, невропатолог және оториноларинголог - Жамбыл ауданының балаларына консультативтік қабылдау жүргізді.
Ауданымыздың кішкентай тұрғындарының денсаулығына көрсеткен көмектері, қолдаулары және ынтымақтастықтары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, жанашырлықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз балалар мен ата-аналар үшін өте маңызды.