Жамбыл аудандық ауруханасында «Денсаулық – бәріміз үшін»  атты Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтті
Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу аясында Жамбыл аудандық ауруханасының ұжымында ақпараттық-ағарту іс-шараларының кешені өтті. Акцияның басты мақсаты – халықтың аурулардың алдын алудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру болды.
Іс-шаралар барысында аурухана мамандары:
•    Дұрыс тамақтану және дене белсенділігі қағидаттары туралы ашық дәрістер оқылды.
•    Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар (брошюралар мен жадынамалар) тараттылды.
«Денсаулық – біздің ең құнды байлығымыз. Алдын алу емдеуден әрқашан тиімдірек және оңайырақ, ал мұндай іс-шаралар Біздің аудан тұрғындарына өз ағзаларының жағдайына уақытылы назар аударуға көмектеседі» – деп атап өтті аурухана дәрігерлері.