31 наурызда «Жамбыл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында медицина қызметкерлеріне арналған «Операциялық рәсімдер стандарты (ОРС). Зертханалық зерттеулер үшін материал алу қағидалары» ғылыми-практикалық семинар өтті.

Семинар барысында мейіргерлер мен зертханашылар вакуумдық жүйелермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын бекітіп, күрделі температуралық жағдайларда биоматериалды тасымалдаудың нюанстарын талқылады.
Жамбыл аудандық ауруханасы кадрлардың біліктілігін арттыру және медициналық қызметтер сапасының заманауи стандарттарын енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.