Бүгін, 27 ақпанда Жамбыл аудандық ауруханасының директоры «Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде» болды.

Кездесудің басты мақсаты - «Емдеу ісі» және «Мейірбике ісі» мамандықтарының түлектерімен ашық диалог орнату. Студенттер ағымдағы бос орындар мен аудандық буындағы жұмыс ерекшеліктері туралы толық ақпарат алды.
Біз жас маманға өзінің алғашқы лайықты жұмыс орнын табудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, сондықтан да жеке танысуға келдік!