19–20 ақпан күндері "Жамбыл АА" ШЖҚ КМК директоры Қашағанова Бақыт Тымербекқызы Солтүстік Қазақстан облысы аудандары өкілдерінің делегациясы құрамында Астана қаласы әкімдігінің "Еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ-не барды.
Сапардың басты мақсаты – кадр тапшылығы мәселесін шешу және ауданымызға білікті мамандарды тарту.
Кездесу барысында келесі мәселелер жан-жақты талқыланды:
* Ерікті қоныс аудару бағдарламалары – дәрігерлердің қолайлы көшуіне жағдай жасау;
* Мемлекеттік қолдау шаралары – көшуге арналған субсидиялар, тұрғын үйді жалға алу және жеке тұрғын үй сатып алуға көмек көрсету;
* Нарықты талдау – қажетті мамандарды нысаналы түрде тарту үшін сұраныс пен ұсынысты зерделеу.
Біздің мақсатымыз – аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және білікті мамандарды тарту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру.