2026 жылғы 11 ақпанда Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы және Жамбыл аудандық ауруханасының инфекциялық бақылау қызметінің мейірбикесі Жамбыл аудандық ауруханасының бас мейірбикесі мен бөлімшелердің аға мейірбикелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері, атап айтқанда 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 2 ҚР ДСМ бұйрығы, сондай-ақ ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу мәселелері талқыланды. Талқылау барысында қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.












