2025 жылдың 11 қазанында да экологиялық жағдайды жақсартуға, елді мекендерді абаттандыруға және қысқы кезеңге дайындауға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпы Республикалық сенбілігі өтті. Жамбыл аудандық ауруханасының қызметкерлері іргелес аумақтардағы аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді.