2025 жылғы 27 маусымда Пресновка ауылының Подгорная көшесінде жылжымалы медициналық кешенде медицина қызметкерлерінің көшпелі бригадасының жұмысы ұйымдастырылды. Тыныс алу органдарының ауруларын анықтау, онкологиялық ауруларды анықтау үшін әйелдерді профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Сондай - ақ учаскелік медицина қызметкерлері аулаларды аралап, медициналық тексеруден өтуге көмек көрсетті.