Жамбыл аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесінің деңгейінде жедел жәрдем қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері мен акушерлерді гемодинамикалық тұрақтылықты қалпына келтіру үшін уақытша шара ретінде пневматикалық емес шокқа қарсы киім (NASG) тақырыбында оқыту жүргізілді. Жүкті әйелдерге босанғаннан кейінгі қан кетулерге және кез келген шок жағдайларына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында NASG дұрыс қолдану бойынша дәріс жүргізілді. Дәрісті  анестезиолог-реаниматолог дәрігер А. Г. Лезбаев жүргізді.