2024 жылғы 28 қазанда "Жамбыл аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК перзентхана бөлімшесінде жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор (неонаталдық) FANEM моделі 1186 Бразилия орнатылған, ол ашық реанимациялық жүйемен бірлесіп реанимациялық кешен болып табылады және шала туылған балаларға, жаңа туған балаларға және әлсіреген балаларға күтім жасауға және емдеу іс-шараларын өткізуге арналған. Инкубаторда сұйық кристалды дисплейі және сенсорлық модулі бар басқару блогы, бес сопақша қол жеткізу порттары бар қос күмбез, серпімді манжеттер, "IRIS" кешені, жоғары беріктігі бар улы емес тығыздағыштар, кабельдер мен датчиктер, сондай-ақ пульсоксиметр, интеграцияланған таразы және оңтайлы жабын тығыздығы бар матрац орналаскан.