25 шілде күні «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қайранкөл селосы Жамбыл ауданында пациенттерді қабылдау жүргізілед.
Пациенттерді қабылдау сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.
Дәрігерлер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, консультациялар мен тексерулер жүргізеді.
Бұдан басқа, кәсіби психолог, медиатор және заңгер азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластыру) көмегін тегін көрсетеді, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін консультациялар өткізілетін болады.
Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, әлеуметтік сақтандыру мәртебесіне және тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтарды қабылдайды. 18 жасқа дейінгі балалар тек ата-аналарымен бірге қабылданады.
Жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен жүзеге асырылуда.