24 - шілде мен 31 - шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше елді - мекенін аралап, білікті дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы - елімізде сәтті жүзеге асып келе жатқан әлеуметтік жоба.
Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог - маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Медициналық пойыздың тұрғындарды қабылдау кестесі:
- Ақсуат станциясы: 24 шілде
- Қайранкөл станциясы: 24 шілде
- Пресногорьковское станциясы: 25 шілде
- Тайынша станциясы: 28 шілде
- Чкалово станциясы: 29 шілде
- Дауыт станциясы: 29 шілде
- Қызыл ту станциясы: 30 шілде
Медициналық пойыз дәрігерлері өңір тұрғындарын таңғы сағат 09.00 - ден кешкі 18:00 - ге дейін МӘМС аясында ақысыз негізде қабылдайды.
Түскі ас уақыты 13.00 - 14.00. сағ.
Айта кетейік, дәрігердің қабылдауына баратын түрғындар міндетті түрде өзінің және баласының (баласын қаратса) жеке басын куәландыратын құжаттарын ала баруы керек. Медициналық құжаттары болса, қосымша ала баруы керек.
Әлеуметтік жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және «Samruk - Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Самұрық - Қазына» АҚ компаниялар тобының әріптестігі және "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ аясында іске асырылады.